Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан Түркияның БҰҰ-ға жолдаған хатына қол қойды

ktk.kz

Қазақстан Түркияның БҰҰ-ға жолдаған хатына қол қойды

Anadolu Ajansı агенттігінің хабарлауынша, бұған дейін Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданның ұсынысы бойынша БҰҰ-да Израильге қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатуды тоқтату мәселесіне халықаралық қауымдастықтың назарын аудару мақсатында бірлескен үндеу бастамасы көтерілген болатын.

Бастама Израильге қару-жарақ пен оқ-дәрі сатуды тоқтату арқылы басып алынған Палестина аумақтарында, әсіресе Газа секторында Израильдің халықаралық құқықты, соның ішінде халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтарын бұзуының алдын алуды көздейді.

Хатта Газа секторын қоса алғанда, басып алынған Палестина жерлерінде, сондай-ақ Ливанда және Таяу Шығыстың басқа аймақтарында зорлық-зомбылық пен халықаралық құқықтың бұзылуының күшеюіне терең алаңдаушылық білдірілген.

Үндеуде Израиль әрекеттерінің салдарынан құрбан болған бейбіт тұрғындар, негізінен әйелдер мен балалар саны күн сайын артып отырғаны атап өтілді. Бұл қауіпті тенденцияны тоқтату үшін шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігі көрсетілген.

Хат 1 қарашада БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерришке, қарашада БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ететін Ұлыбританияға және БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Филимон Янгқа жіберілді.

Түркия Тель-Авивтің аймақтағы, Израильге оқ-дәрілерді жеткізуді дереу тоқтатуды халықаралық қауымдастықтың заңды міндеті және моральдық борышы деп санайды.

Хатқа қол қойған елдер: Түркия, Палестина, Бахрейн, Бангладеш, Біріккен Араб Әмірліктері, Боливия, Бразилия, Бруней-Даруссалам, Буркина-Фасо, Алжир, Джибути, Қытай Халық Республикасы, Индонезия, Марокко, Гамбия, Оңтүстік Африка Республикасы, Ирак, Иран, Катар, Қазақстан, Қырғызстан, Колумбия, Комор аралдары одағы, Кувейт, Куба, Ливия, Ливан, Мальдив аралдары, Малайзия, Мексика, Мысыр, Мавритания, Намибия, Нигерия, Никарагуа, Норвегия, Пәкістан, Ресей, Сент-Винсент және Гренадин аралдары, Сан-Томе және Принсипи, Сенегал, Сомали, Судан, Сауд Арабиясы, Чили, Тунис, Оман, Иордания, Венесуэла, Вьетнам, Йемен және Зимбабве.

Сондай-ақ құжатқа Араб мемлекеттері лигасы (АМЛ) мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) қол қойды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қараша 2024