Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Африкадағы абориген емеспіз»: Депутат Air Astana басшысына ашуын білдірді

kaz.365info.kz

«Африкадағы абориген емеспіз»: Депутат Air Astana басшысына ашуын білдірді

Көлік, жол мәселесі талқыланған мәжіліс отырысында депутат Еділ Жаңбыршин Air Astana әуе компаниясындағы баға саясатын сынға алып, компания басшысы Питер Фостерге ашуын төкті. Еділ Жаңбыршин ұшу күні жақындаған сайын билет құнының өсетініне наразылық білдірді. Оның үстіне бірнеше айдан бері рейс кешіккені үшін берілетін өтемақыны әлі ала алмаған екен. «Шынында да Air Astana біздің аспанымыздың құдайы болып алған. Билеттің бәрі жақындағанда көтеріледі. Ол арақашықтыққа байланысты деген бос әңгіме. Билет жақындағанда қалай көтеріледі? Жақындаған кезде көтерілмеуі керек, бағасы түсуі тиіс. Өйткені билетті тезірек өткізу керек қой. Бұлар керісінше жұмыс істейді. Air Astana, лоукостер мәселесін майшаммен қарау керек. Фостер мырза (Air Astana компаниясының басшысы), сіз шаңыраққа қараңыз. Сіз осы мемлекеттің заңына бағынуыңыз қажет. Мұсабаев екеуіміз (Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев) 1 сағат кешіккенге 3 пайыз айыппұл салатын норма енгіздік. Енді қызықты қараңыздар, 2 тамызда Air Astana 12 сағатқа кешікті, әлі күнге дейін айыппұлын ала алмай жүрмін. Неге? Олар қитұрқы сызба әзірлеп қойған. Сайтқа кіріп өтінім беріп, ақшаны алу қиын. Мен әлі жүрмін. Оны аламын да. Ал енді алатын болсаңыз, «жазбаларыңызды, ақшаңызды ешкімге жарияламау керек» деп шарт қояды», – деді депутат. Осы орайда ол Көлік министрі Марат Қарабаевқа өтемақыларды алуды жеңілдету қажеттігін айтты. Депутаттың атап өтуінше, әуе компания сайтынан өтемақыға өтінім беру өте қиын. «Air Astana-ның мультимедиасының көбі басқа тілде. Мемлекеттік тілдегі контент өте аз. Оны орнына келтіру қажет. Ол да үлкен мәселе. Кеңістігімізде ұшып жүр, өзіміздің компания санаймыз. Ендеше неге мемлекеттік тілге басымдық бермейді?! Фостер мырза, сіз Парламентке бірінші рет келіп отырсыз. Сізге бір рет қана сұрақ қойылды. Бірақ, сіз Қазақстан аумағына келгеннен кейін бірінші кезекте Қазақстан азаматтарының мүддесін қорғауыңыз, заңын сыйлауыңыз, жағдай жасауыңыз қажет. Ақшаны бәріміз де жақсы көретін шығармыз. Бірақ, ақшаны жақсы көремін деп билетті көтере бермеңіз. Күнде жалақы көтеріліп, күнде отын бағасы қымбаттап жатқан жоқ. Территориямыздың арақашықтығы күнде резеңке ұқсап созылып жатқан жоқ. Ал сіздер бағаны көтересіздер. Билет бағасы 60 мыңнан 120 мыңға дейін кетіп қалады», – деді Еділ Жаңбыршин. Жиын барысында Жаңбыршин Питер Фостерге күліп отырғаны үшін наразылығын айтты. «Сіз күлмеңіз. Сіз бізді менсінбей отырсыз. Біз сізге Африкадағы абориген емеспіз. Ештеңені түсінбейтін! Ойнамаңыз, бізді күліп менсінбей. Бұл Парламент! Осы жерде отырғандардың бәрі – халық сайлаған адамдар», – деді депутат Еділ Жаңбыршин.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 желтоқсан 2024