Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жасанды интеллект енгізілгелі заңсыз қоқыс үйінділері азайды – министр

ktk.kz

Жасанды интеллект енгізілгелі заңсыз қоқыс үйінділері азайды – министр

- Жасанды интеллект технологиясын қолданудың арқасында қоқыс үйінділері жөнінде Қазақстан ғарыш сапары ұлттық компаниясы деректерінің негізінде жұмыс істейміз. Әрбір фактіні мамандар тексеріп, тіркейді. Содан соң қоқысты жою бойынша нұсқаулық беріледі, белгіленген уақытта жойылмаса әкімшілік жауапқа тартылады. Биыл 159 құзырлы қызметкер жауапқа тартылды, оның ішінде 59 адам қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары. Жасанды интеллект технологиясын енгізілгелі бері заңсыз қоқыс үйінділерінің саны азайды, - деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкіметтің көшпелі өткен отырысында.

Министрдің мәлімдеуінше, 2018 жылы 8700 заңсыз қоқыс алаңы анықталған, ал биыл 4900-ға жуық үйінді табылды.

- Заңсыз ағаш кесу мәселесі күрделі. Жасанды интеллектіні қолданғалы 2018 жылы 974 факті тіркелді, оның ішінде 294 факті заңсыз ағаш кешу. Ал биыл 112 жағдай анықталды, оның ішінде 56 жағдай бойынша іс сотта қаралып жатыр. Сондықтан жасанды интеллектіні пайдалану қоршаған ортаны қорғауда тиімді, - дейді ол.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 желтоқсан 2024