Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жандос Шаймарданов қызметінен босатылды

ktk.kz

Жандос Шаймарданов қызметінен босатылды

- Мемлекет басшысының Жарлығымен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

1987 жылы 24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында туған.

2009 жылы «Болашақ» стипендиясы бойынша Ұлыбританиядағы Йорк университетін «Экономика және қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

2020 жылы Испаниядағы IE университетінде Бизнес-талдау және Big Data магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы қызметінен бастаған.

2010-2013 – «Самұрық-Қазына» АҚ менеджері.

2013-2014 – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.

2014-2016 – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры.

2016-2019 –«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ департамент директоры, басқарушы директоры.

2019-2020 – «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы.

2020-2022 – ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры.

2022-2023 – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы.

2023 жылғы 16 қыркүйектен бастап, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.

Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 наурыз 2025