Біз су ресурстарын үнемдемейміз - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда су ресурстары тиімді пайдаланылмайтынын, тұрмыста да, экономика салаларында да су мүлде үнемделмей, далаға кетіп жатқанын айтты.
«Қазақстанның су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі алдағы уақытта өтетін Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері форумында қаралуға тиіс. Су ресурстарының 50% тіпті одан да көбі құр босқа топыраққа сіңіп кетіп жатыр. Үнемдемейміз. Тұрмыста да, басқа экономикалық салаларда да үнемдеу білмейміз. Біз бұл мәселені міндетті түрде талқыға салуымыз керек. Үкімет ары қарай осы бағытта жұмысты жалғастырады. Қалай да шешімін табу керек», – деді президент.
Су үнемдеу үшін елде қажетті техника мен технологиялар пайдаланылмайтынын айтқан президент, мысал ретінде Қытай елінің тәжірибесін келтірді. Айтуынша, Қытай ең озық әрі заманауи су үнемдеу технологияларын пайдаланады.
Ал Қазақстанда керісінше су ұтымды пайдаланылмайды. Сол себепті ел дипломаттары үнемі көрші елдермен су мәселесі жөнінде келіссөз жүргізуге мәжбүр. Бірақ көрші мемлекеттер елде судың үнемді пайдаланбайтынын білгендіктен, Қазақстан тарапынан бұл саланы реттеуді талап етіп жатады. Президент осындай қиындықтарға тап болмас үшін, салаға заманауи технологияларды енгізген абзал деп санайды.
«Көрші елдер ең озық су үнемдеу технололгиясын пайдаланады. Бізге де сөйту керек. Сонда басқа елдерге келіссөз жүргізу бойынша өтіншіпен жүгіне бермейтін боламыз. Мен жолдауда да ең озық технологияларды пайдалану керек деген ұсыныс айттым. Қазір Қытай технологияларын сатып алуға болады. Олардың бұл орайда үлкен тәжірибесі бар», – деді президент.
Еске сала кетсек, Қазақстан халқына жолдауында Каспий теңізінің тартылып бара жатқанын айтып, мұның келешекте экологиялық салдары ауыр болатынын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ су тапшылығын шешу мәселесін көтерді.
- Соңғы
-
-
-
- Қыркүйек, 15
-
-
- Қыркүйек, 12
-
- Қыркүйек, 11
-
-
- Қыркүйек, 10
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 08
-
-
-
-
- Қыркүйек, 05
-
Күнделікті жаңалықтар
16 қыркүйек 2025