Шымкентте жыл басынан бері 78 көлік өртенген

Шымкентте жыл басынан бері 78 автокөлік отқа оранған. Мамандар өрттің шығу себебін электр сымдарының қысқа тұйықталуынан көреді.
Шымкентте жол бойында жеңіл көлік өртеніп, артынан газ-ауа қоспасы жарылды. Құтқарушылар өртті сөндіру үшін көбікті оқпан атқан. Желіде тараған видеоларға қарағанда, өрт кезінде көлік маңында бірнеше адам болған.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өрттен бір адам күйіп, ауруханаға жатқызылған. Зардап шеккен адам денесінің 22 пайызын күйік шалған.
«Науқас бет, мойын, кеуде және қол аймақтарынан күйік жарақатын алған. Науқастың жалпы жағдайы ауыр. Бет, мойын, дене және қолдарында I–III дәрежелі күйік анықталды.Науқасқа инфузиялық, антибиотиктік және жергілікті ем жүргізілуде. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты» делінген басқарма хабарламасында.
Қазір қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Департаменттің дерегінше, жыл басынан бері Шымкент аумағында 78 автокөлік өртке оранған. Өрттің негізгі себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан.
«2025 жылдың басынан бері Шымкент қаласы аумағында автокөліктерде 78 өрт оқиғасы тіркелді. Оның ішінде: жеңіл автокөліктерде – 65 жағдай, жүк көліктерде – 9, қоғамдық көлікте – 1, ауыл шаруашылығы техникаларында – 3 өрт оқиғасы орын алған» деп хабарлады департамент.
Департаменттің есептеуінше, автокөліктердің өртенуінен 194 миллион теңге шамасында материалдық шығын келген. Өртенген көліктердің басым бөлігі ескі, нақтырақ айтқанда 1970–1990 жылдар аралығында шығарылған.
- Соңғы
-
-
-
- Қыркүйек, 15
-
-
- Қыркүйек, 12
-
- Қыркүйек, 11
-
-
- Қыркүйек, 10
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 08
-
-
-
-
- Қыркүйек, 05
-
Күнделікті жаңалықтар
16 қыркүйек 2025