Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оразада ішімдіктен бас тартқан ауылдар көбейді

kz.kursiv.media

Оразада ішімдіктен бас тартқан ауылдар көбейді

Рамазан айында Ақтөбе облысында тағы бес ауылы «Арақсыз ауыл» акциясына қосылды. Бұл жайлы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Осымен өңірде ішімдіктен бас тартқан елдімекендер саны 40-қа жетті.

Алкогольден бас тарту құқық бұзушылық деңгейінің төмендеуіне де әсер еткен. Мәселен, Шалқар ауданы Шетырғыз ауылы 2020 жылы спирттік ішімдіктерді сатудан бас тартқан. Сол уақыттан бері алты жылда бұл елдімекенде бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

«Дегенмен кейбір аудандарда бұл бағыттағы жұмысты қолға алу керек», – дейді құзырлы орган өкілдері. Алға, Хромтау және Қарғалы аудандарында алкоголь өнімдерін сатудан бас тартқан ауылдар саны әзірге аз екен.

Осыған дейін Павлодарда 20 ауыл ішімдік сатудан бас тартқанын жазған едік. Ал былтыр Түркістанда 70-ге жуық елдімекен алкоголь сатуды тоқтатқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар