Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстаныма қызмет ете беремін – Шайдоров Ақордада жоспарын айтты

kz.kursiv.media

Қазақстаныма қызмет ете беремін – Шайдоров Ақордада жоспарын айтты

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров көрсеткен қолдауы үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және барша халыққа алғысын айтты.

«Бұл кездесуге Олимпиада чемпионы ретінде қатысу – мен үшін зор мәртебе. Алтын медаль – менің ғана емес, ата-анамның, бапкерлерімнің және мен үшін алаңдап, қолдау көрсеткен барша қазақстандықтың жеңісі. Бұл аянбай тер төгіп жұмыс істесең, жақын жандардың махаббаты мен сенімі болса, армандардың орындалатынын көрсетеді. Президент мырза, Сіздің қолдауыңыздың арқасында спортшылар үлкен жетістіктерге, жаңа тарихи рекордтарға қол жеткізіп жүр», – деді Шайдоров.

Сонымен қатар чемпион Олимпиада алтынымен шектелмейтінін мәлімдеді.

«Алдымда ұзақ жол бар. Елімнің сенімін ақтап, жас ұрпаққа үлгі болып, халқымыздың мерейін үстем еткім келеді. Рахмет Сізге! Сүйікті Отаныма, Қазақстаныма қызмет етемін», – деді Михаил Шайдоров.

Мұның алдында президент Михаил Шайдоровты құттықтады. Чемпион кеше ғана елге оралды. Спортшыны әуежайда жүздеген адам күтіп алған еді. Оған үш бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар