Әр баланың жетістігі — ортақ жеңіс
Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған жаңа оңалту орталығы жұмысын нәтижелі жалғастырып келеді. Қала әкімінің бастамасымен ашылған «Балауса» №11 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы балаларға кешенді қолдау көрсетуді мақсат етеді. Мұнда балалардың денсаулығын жақсартумен қатар, олардың әлеуметтік бейімделуі мен жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөлінеді.
Мүслім Таңсықбай — 5 жаста. Оған сөйлеу тілі дамуының тежелуі диагнозы қойылған. Анасы баланың ерекшелігін ерте бастап байқап, барын салып оңалту шараларымен айналысқан. Қазіргі таңда, бала зерек, әрі алғыр болып келеді. Барлық әріптерді жаттап, 50 — ге дейін санауды біледі. Алдағы уақытта мектепке барамын деген ниеті бар.
Заманауи талапқа сай жабдықталған орталықтың басты мақсаты – ерекше қажеттілігі бар балалардың өмір сапасын жақсартып, қоғамға бейімделуіне мүмкіндік жасау және олардың әлеуетін толық ашуға жағдай қалыптастыру. Сондықтан, орталықта әр балаға жеке көзқарас қалыптастырылған. Тәрбиеленушілерді топтарға бөлу кезінде тек диагнозы ғана емес, жас ерекшелігі мен мінез-құлқы да ескеріледі. Алғашқы күндері мамандар балаларды жіті бақылап, содан кейін ғана түзету-дамыту жұмыстары басталады.
ЭЛЬМИРА БАЙБОЛОВА, «БАЛАУСА» №11 БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Баланы қабылдағаннан кейін, 14 күн, 10 күн ішінде баланы бақылау жүргізіледі. Сонымен балалар топтастырылады. Ең бірінші жас ерекшелігіне, мінезінің үйлесімділігіне қарай, сонымен топқа бөлінеді. Бізде тірек қимылы бұзылған балалар бөлек, психикалық ауытқуы бар балалар да бөлек топтастырылады. Олардың әрқайсысмен мінез ерекшелігіне қарай жұмыс жүргіземіз».
Орталық 150 орынға есептелген. Қазіргі таңда мұнда 119 бала арнаулы әлеуметтік қызмет алып жүр. Оның ішінде 50 орын тірек-қимыл аппараты бұзылған, ал 100 орын психикалық дамуында ерекшелігі бар балаларға арналған. Тәрбиеленушілер таңғы сағат 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін болып, төрт мезгіл тамақтанады, әрі күндіз тынығады. Балаларға дефектолог, психолог, логопед, массаж мамандары және өзге де білікті қызметкерлер кешенді көмек көрсетеді. Айта кетейік, мекеме жұмысын ағымдағы жылдың 16 сәуірден бастап жұмыс істейді.
Нұргүл Жолымбетова
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 01
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
2 шілде 2026