Димаш алғаш рет онлайн концерт беріп, 6 тілде ән шырқады
16 қаңтарда сағат 20: 00-де Нұр-Сұлтан уақытымен әнші Димаш Құдайбергеннің DIMASH DIGITAL SHOW атты көптен күткен алғашқы онлайн концерті өтті. Концерттің онлайн-чаты бір секундқа да тынышталмады, барлық жанкүйер сүйікті әншісінің өнерін қайта тамашалағанына қуанды. Шоу барысында әнші 6 тілде (қазақ, итальян, француз, қытай, ағылшын және орыс тілдерінде) ән шырқады. Онлайн формат әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрерменге концертті үйде тамашалауға мүмкіндік берді. Әнші жаңа форматқа қарамастан, алғашқы онлайн концертін жанкүйерлері қолдағаны үшін қатты қуанды, – деп жазады dimashnews.com. Концертті Димаштың әлемнің 100-ден астам еліндегі көрермені тамашалады. Фото: dimashnews.com
- Соңғы
- Қараша, 20
-
- Қараша, 17
-
- Қыркүйек, 29
-
- Тамыз, 09
-
- Тамыз, 01
-
- Шілде, 27
-
- Мамыр, 22
-
- Мамыр, 18
-
- Сәуір, 19
-
- Сәуір, 14
-
- Сәуір, 13
-
- Сәуір, 12
-
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
4 шілде 2026
4 шілде 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар