Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мөлдір Әуелбекова сот процесін тоқтатты ма?

kznews.kz

Мөлдір Әуелбекова сот процесін тоқтатты ма?

Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында дөрекі пікір білдірген оқырманын кешіргенін жеткізді. «Біз өнер адамдары өзімізге қатысты түрлі сөздер естиміз, оқимыз. Жағымсыз жазылған былай тұрсын, тым ауыр сөздер айтылған жағдайда да «қойшы, қойшы» дей саламыз ғой. Ел алдында жүріп дәл осы «қойшыға» салынып келе жатқаныма 18 жыл болыпты. Бұл жолы басқаша болсын деп шештім. Себебі, пікір білдіруші Рита ханым менің жеке басымнан бөлек көпшілікке топырақ шашып отыр. Есесіне, мен сотқа беріп, адвокатқа жүгінгенімді білесіздер. Процесс басталып кеткен. Енді, жауабы ол әйел үшін тым ауыр болатынын естіп, көп ойландым. Күнәсін білеміз, ал тәубесін білуші Алла ғана ғой. Кешірім сұрады… Мүмкін шынымен тәубесіне келген шығар?!? Тілге тиек деген бар. Ауыздан сөз шығармас бұрын ойланған абзал. Қыз өсіріп отырсыз! Дәл сол өсіріп отырған қызыңызға немесе немереңізге меніңкіндей тағдыр жазылмасына кепілдігіңіз жоқ! Адамның емес Алланың жазасы ауыр болады! Сәл ойланып сөйлейік! Жалпы Жаратушымыз мұсылмандарға бір біріне үш күннен артық ренжіспеуді бұйырды. Есесіне, қазақта сөз бар: «жақсы адамның ашуы — шай орамал кепкенше!» Сол енді ойлана келе, өзім тігіп киіп жүрген @moldir_beyne шай орамалым кеуіп кетіпті!— Рита ханымды мен кештім! Сіз кешіңіз! Алла кешсін!» — деді әнші. (фото moldir.auelbekova инстаграмм-парақшасынан)
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024