Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин белгілі спортшы қызға үйленді

kznews.kz

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин белгілі спортшы қызға үйленді

Жүзуден 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин Алматыда үйлену тойын өткізді. Бұл туралы vesti.kz сайтына сілтеме жасаған Kznews.kz хабарлайды. Дмитрий Баландиннің таңдауы синхронды жүзуден Қазақстан командасының бұрынғы мүшесі Кристина Тыныбаеваға түскен. Екі жастың үйлену тойы Алматы төрінде өтіп, жас жұбайлар ең жақын деген адамдары арасында қуанышты күндерін атап өтті. Айта кетелік, Дмитрий Баландин жүзу спортынан Олимпиада чемпионы атанған Қазақстан тарихындағы тұңғыш спортшы. Ол 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарында брасс әдісімен 200 метрге жүзуден чемпион атанды. Ал Кристина Тыныбаева синхронды жүзуден Азия ойындарының қола жүлдегері. Әлем чемпионатында үш рет бақ сынаған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024