Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тұрсынбаева мен Балқия Балтабайдың үстінен қатаң тексерісті талап етеміз - Блогерлерге қатысты шағым айтылды

kaz.caravan.kz

Тұрсынбаева мен Балқия Балтабайдың үстінен қатаң тексерісті талап етеміз - Блогерлерге қатысты шағым айтылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. Блогер әлуметтік желідегі парақшасында құзырлы органдарға шағымданғанды. " Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Құрметті мемлекеттік және құзырлы органдар! Қазіргі уақытта әлеуметтік желі жедел түрде дамып жатқан заманда, сәйкесінше желі арқылы өздерінің қызметін және өнімін ұсынатын бизнес түрлері, халыққа танымалдығын пайдаланып түрлі қайырымдылық қор ашатын медиа тұлғалар көбейіп кеткен. Әлеуметтік желінің жақсы немесе зиянды тұсы бар. Өздеріңіз білетіндей, кибер қылмыстардың белең алуы, интернетті пайдаланып алаяқтық жасайтын топтардың пайда болуы қоғамда наразылық тудырып отыр. Яғни, желі арқылы адамдарды алдап-арбау, әртүрлі тәсілдермен сенімге кіріп, оған қиянат жасау арқылы қаражат жымқыратындардың дер кезінде ұсталмауы, олармен күрестің әлсіздігі, халықтың құқықтық және қаржылық сауатсыздығын пайдалану арқылы теріс пиғылын жүзеге асыратындардың заң бойынша жазаланбауы, олардың өсуіне ықпал етіп жатыр. Әлеуметтік желідегі халықтан ақша жинап, түрлі түсініксіз қорлар ашып отырған белгілі айтыскер ақын, мотиватор, коуч (бұл қызметі диплом не сертификатпен расталған ба әлде жоқ па бізге белгісіз) Қазақстанның азаматы, Түркия Республикасы Ыстамбұл қаласының тұрғыны Айнұр Тұрсынбаеваның (инста парақшасы aidyn_nury) «Айдың нұры» қайырымдылық қорына , аталған қордың құрылтайшысы әрі төрайымы және ақпараттық қолдаушысы Айнұр Тұрсынбаеваға; Инстаграм желісінде өзін ислам шеңберіндегі психолог, коуч, ментор, бизнес тренер ретінде таныстыратын Алматы қаласының тұрғыны Балқия Балтабайдың жеке қорына қатаң тексерісті талап етеміз!" деп жазды. "Ай сайын, апта сайын мещітке сбор жинап жатқан блогерлерлі де қосу керек. Бітпейтін ақша жинау. Тексеріп жатқан адам жоқ. 99 мешіт емес, 99 мектеп соқсын", "Мектепті үкімет салсын дейді олар", "Қолдаймын! Әділеттілік орнасын!, деп қолдау білдірді оқырман тарап. A post shared by Ирина Разақ (@irina_razzakh)
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 сәуір 2024