Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Мынандай азаптың не қажеті бар?»: Айгүл Иманбаева пластикалық ота жасатты

paryz.kz

«Мынандай азаптың не қажеті бар?»: Айгүл Иманбаева пластикалық ота жасатты

Әншінің сөзінше, ұзақ уақыт бойы блефаропластика жасатуға қорқып келген. "Достар, баршаңызға сәлем! Дәл қазір мен Алматы қаласында, жоғарғы дәрежелі пластикалық хирург Айна Досанда көзімнің үстіңгі жағына блефаропластика жасатуға келдім. Айна Досан - "Болашақ" бағдарламасының түлегі, жоғарғы дәрежелі пластикалық хирург, 19 жыл пластикалық хирургиядан стажы бар маман. Менің өнердегі жұлдызды құрбыларымның біразы Айнада пластикалық операциялар жасатқан. Неше жыл бойы жүрексініп келіспей, енді шешім қабылдап, бүгін келдім", - деп жазған әнші Желіде. Желі қолданушыларының бір бөлігі өнер иесі әрқашан әдемі болып жүруі керек екенін айтса, енді бір бөлігі мұның дұрыс емес екенін жеткізген. "Айгүл жасатқаныңыз дұрыс болған. Сіз елдің алдында жүрген актрисасыз, жасамаған сіз ғана-ау деймін", "Халықтың алдында жүргесін, әдемі болғаны дұрыс, әдемісін көргіміз келеді, айыбы жоқ шығар", "Блефаропластика бәрімізге керек. Одан ешкімнің табиғилығы бұзылмайды", "Табиғаттың бергеніне қарсы шығуға болмайды", "Мынандай азаптың не қажеті бар еді, денем тітіркеніп кетті", - дейді пікір білдіргендер.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024