Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бізде “келінді тәрбиелеу керек” деген ұғым бар. Мен онымен келіспеймін - Айнұр Тұрсынбаева

kaz.caravan.kz

Бізде “келінді тәрбиелеу керек” деген ұғым бар. Мен онымен келіспеймін - Айнұр Тұрсынбаева

Бағдарлама жүргізушісінің: “Балаңыз үйленді. Келініңізге не деп тәрбие бересіз?” деген сұрағына Айнұр Тұрсынбаева: “Ешқандай тәрбие бермеймін. Балам үйленер кезде “қызды жылатпаймын, хақына кірмеймін, әйелім деп сыйлаймын, ұрпағымның анасы ретінде қараймын” десең ғана рұқсатымды беремін дедім. Ертең оны жылатып, ата-анасы маған шығып жатса, маған өте ұят тірлік. Көпшілік менімен келіспейтін шығар, бірақ мен баламның отбасына араласпаймын”, – дейді ақын. Айтыскердің айтуынша, “жас келін түк білмейді” деген қате пікір. Екеуі де оқыған, кәмелеттік жасқа толған, оңды-солын біледі. “Жас келін түк білмейді” деген пікірмен келіспеймін. Қазіргі жастар бәрін біледі. Менің келінім иіліп тұрып күтіп алады, бәрін жасайды. Ол бес тіл біледі. Оны қалай түк білмейді дейміз? Құрметтегенде адамның асты-үстіне түседі, күйеуінің жағдайын жасап отыр. Оған не тәрбие керек? Бізде “келінді тәрбиелеу керек” деген ұғым бар. Мен онымен келіспеймін. Қазіргі келіндер бізден де ақылды”, – деді ол ойын ашық айтып.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024