Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Келінжанды" "Келинка Сабинаның" уақыт кеңістігінде созылып, қазақты жан-тәнімен түсінетін адамдар түсірген нұсқасы" дер едім - журналист

kaz.caravan.kz

Келінжанды Келинка Сабинаның уақыт кеңістігінде созылып, қазақты жан-тәнімен түсінетін адамдар түсірген нұсқасы дер едім - журналист

Бұл туралы ол аталған

порталда

шолу жасап, телехикая туралы өз ойын егжейлі-тегжейлі жазған, - деп хабарлайды

Caravan.kz

медиа порталы.

Бұқаралық сипаттағы медиа өнімнің сапасына байланысты сынға біржола қақпақ болатын жауап 90-жылдары айтылды. Рэп жұлдызы Богдан Титомир «пипл хавает» деген еді.

Қазір Богданды мен сияқты динозаврлардан басқа ешкім тани қоймас. Сондықтан бүгіндері сыншыларға пиплметр көрсеткіштерін алға тартады. Көп қарай ма? Рейтинг ұрып тұр ма? Ендеше қандай претензия?

Сондықтан,

«Келінжан» сериалына

талғам тұрғысынан сын айтуда мағына жоқ. Сериалдың, ауыл өмірі мен адамы туралы ойын-сауық «театрлары» мен Нұртас Адамбай қалыптастырған клишелер шеңберінен шыға алмағанын айтудың өзі сын. Назар аудартып отырған себеп: бұл сериал… сериалдар мүшәйрасындағы жеңімпаздардың бірі.

фото nauryz-awards.kz сайтынан

Айтпақшы, иә — наурызда сәйкесінше, «Наурыз» деген телесериалдар байқауы

өтті

. Онда сақалға құрмет пе екен, тіпті «Перекрёсток» сияқты классика да жүлде алды. Алғашқы рет болғандықтан, бірінші жеңімпаздар анықталып, сосын номинациялар тағайындалған сияқты. «Сияқты» деген сөз журналиске абырой бермейтінін біліп тұрмын, бірақ, сонда да. Мысалы,

«бәйгенің негізгі мақсаты — сериал контенттің дамытуды қолдау»

болғанымен

, бір миллион теңге сыйлық телехикая сияқты өнім шығаруда қандай профит беретіні түсініксіз. Ендеше ұйымдастырушылар мақсат-бағдар айқындау кезінде қасаң сөз саптау жетегінде кетіп,

«ынталандыру»

дегенді басқаша жазып қойған делік.

«Келінжан» — осы байқаудың «Үздік комедиялық сериал» номинациясы бойынша жеңімпаз. Телехикаяның композиторы Ренат Гайсин неліктен қазылар алқасында

жүр

, мүдделер қайшылығы емес пе деген мәселе де көтермейміз: өзім бұл байқаудың мейлінше меймандостық атмосферада өткеніне сене салдым.

Телехикаяның көрермені көп екенін мойындау керек, ол — объектив шындық. Оны ең болмаса телехикаяның ресейлік сұр лицензиялы порталдарда бар екенінен де көруге

болады

. Актерлік құрамды да асқақ өнер тұрғысынан талқылай алмаймыз: қазақстанда актер тапшы, мұны қазір кез келген кастинг-менеджер айтар еді. Ендеше сюжеттерін ғана сөз етейік.

Журналист

Әсел Болатқызы

«Келінжан» туралы

«…көбірек көрермен тарту үшін 18 + әрекеттерді көрсетуге құмар продюсерлердің “Етекті ашпай-ақ, абыройды шашпай-ақ хит туынды шығаруға болады екен ғой“, — деп, аузы ашылып қалған шығар, сірә…»

депті. Маған автордың бұл сөзді отандық қайсы телехикаяларға сүйеніп айтқаны жұмбақ. Есесіне, «Келінжан» қазақстандық кинодағы бұдан басқа шарттылықты — көрінеу шалт мінезді, ұрыса сөйлеуді әбден айналдырған. Баж ете қалу, селт еткізуден көз алып жүргісіз.

Мемлекеттік тапсырыс аясындағы шошайып тұратын тирадалар деп ойлауға негіз беретін сөздер де бар. Ол Қылышбек сияқты кейіпкердің кенет — Астананың әсемдігі мен Есіл өзені туралы «баяндамасынан» көрінеді.

Бұл дегенің кәдімгі, 2000 жылдардағы

фильмдерге

тән — берілген ақпараттық тапсырысты өтеу үшін тақырыпты дөрекі нотациямен жеткізе салудың салқыны.

Телехикаяға көрермендер разы екені разы. Меніңше, табысының сыры — кейіпкерлердің тілінде. Ең алдымен, сценаристердің әңгімелесу тілін идеализация жасамай, қазақ тілінің

пиджинизацияға

ұшырағанын батыл мойындауы.

«Давай», «получается»

сынды сөздер керісінше — жасанды қойылымға табиғилық беретін иммерсив әдіс болып тұр. Көрермен/тыңдарман үшін ауызекі сөйлеудің жылуы құпия болмаса да, оны бұқаралық синематографқа батыл шығарған ұжымның тәуекелі ақталды. Қазақтың бәрі өзге ұлттар үшін жасалған «Тілашармен» сөйлемейтіні, күннен күнге алуан формаға ие болып жатқан тірі организм екені ескеріліпті. Рас, арасында

«пашаймайт»

деген — түпнұсқадағы мағынасы этикалық тұрғыдан күмәнді сөз кездесіп қалады.

Актерлік ойынға келсек, ол қазақстандық кино және театр сынындағы жауыр тақырып. Бұл орайда кәсіби маманның тізіп тұрып айтып берген кемшіліктеріне сілтеме

бере

салайын. Сайттан сайтқа секіруді жек көретіндер үшін айтсам: сыншы Айзат Қадыралиева отандық актерлердің тілінің тұқырлығы мен сахнадағы мінез-құлқын сөз етеді.

Сонымен, «Келінжанды» әлеуметтік желі стилінде қысқа-нұсқа сипаттап берші десе, «Келинка Сабинаның» уақыт кеңістігінде созылып, қазақты жан-тәнімен түсінетін адамдар түсірген нұсқасы» дер едім. Нұртас Адамбай сияқты, қалалықтардың ауылға таққан клишелері бар ма? Баршылық, бірақ бәрібір шебер жеткізілген, ол үшін «семіз төрт». Скетч стиліне құлдырап кететін кадрлар бар ма? Бар. Ол қазіргі жалпы көрініс. Бұл орайда «Келінжанды» ғана бөле-жара көрсету әділетсіздік болар.

Айтпақшы, интеллектуал дүние аңсайтындар желілерде «Келінжанның» қарабайырлығын айтып қалып жатады. Олардың өзіне де сын айтсам: қазір өнерді өлшейтін сызғыш талғам емес, рейтинг. Маған да ұнамайды бұл. Алайда, «мықты болсаң — өзің осындай рейтинг жинайтын фильм түсір!» деген уәжге айтар сөзіміз жоғына жақында отыз үш жыл болады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024