Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Әйелімді ұрған жоқпын, балдызымнан ұят болды»: «Меломеннің» әншісі тағы ақталды

kaz.365info.kz

«Әйелімді ұрған жоқпын, балдызымнан ұят болды»: «Меломеннің» әншісі тағы ақталды

Бұдан бұрын “Меломен” тобының әншісі Ғабит Бибасыұлы бұрынғы әйелі Нұрила Ақберген экс-күйеуінен таяқ жегенін айтып видео жариялаған. Әлгі видеода оның бет-аузы қанап, бас киімі қан-қан болғаны көрінеді. Енді осы видеоға қатысты оның экс-күйеуі видео-мәлімдеме жасады. Әншінің айтуынша бұрынғы әйелімен көлікте келе жатқанда екеуі ұрсысып қалған. Сол кезде қолы мұрнына тиіп кеткен көрінеді. Ал бұрынғы әйелі сол сәтте түсірілген видеоны үш жылдан бері сақтап жүрген секілді. “Тарап жатқан видеоға қатысты айтайын. Мен үш бала тәрбиелеп отырған адаммын. Әйеліммен екі жыл бұрын ажырасып кеткенбіз. Бұрынғы келіншегім видео салыпты. Сол жайында айта кетейін. Ешқандай қоспасыз, бояусыз, жігітше бар шындықты айтамын. Мен өзім зорлық-зомбылыққа қарсымын. Оған бүкіл әлем қарсы. Мені тиран деп айыптап жатыр екен. Негізі мен өзімді ажырастым деп айтуға ұялып жүрген адаммын. Сол видео түсірілген күн туралы айтайын. Бұрынғы келіншегім қасымда болды. Мен көлік жүргізіп келе жатырмын. Көлікте екеуміз ғана болдық. Арамызда келіспеушілік болып, ол айқайға салды. Мен барынша бұл жанжалды тоқтатуға тырыстым. Мен оны ұрған жоқпын. Қолыммен “қойшы болды” дегенде қолым мұрнына тиіп кетті. Жұдырықпен емес. Мен оны әдейі істеген жоқпын. Ер адам болған соң, ашуға бой алдырдым. Күндізгі уақыт еді. Мен мешітке кіріп кеткен кезде ол видео түсіріп алыпты. Сол бейнежазбаны соншама уақыт бойы не үшін сақтағанын түсінбедім. Ол үш жарым жыл бұрынғы оқиға еді. Сол кезде балдызымнан ұят болды. Одан кешірім сұрадым. Келіншегім екеуміз де бірнеше күннен соң татуласып, жақсы өмірімізді сүріп жатқан едік. Сен арың таза, маған адал келіншек болдың. Бірақ мына ісің ұят болды”, – деді әнші.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қыркүйек 2024

Басқа жаңалықтар

Басқа жаңалықтар