Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Футболдан Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде жалғасады

ktk.kz

Футболдан Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде жалғасады

Бұл жөнінде «Астана» футбол клубы іnstagram желісіндегі аккаунтында жазды. Мәлім болғанындай, доп додасы бұрынғыдай үш айналым арқылы өткізілмейді. Командалар енді екі айналым бойынша сынға түсетін болды. Биылғы Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының алғашқы екі туры ойналды. Одан кейін коронавирус инфекциясы қаупінің алдын алу мақсатында қалған ойындар кейінге шегерілді. Тек «Астана», «Қайрат», «Ордабасы» және «Оқжетпес» алдағы тур ойындарын алдын-ала ойнап, қалған клубтардан бір ойын артық өткізді. Қазір турнир кестесінде «Астана» 7 ұпаймен көш бастап келеді. Одан кейінгі орында 6 ұпаймен «Қайрат» командасы тұр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024