Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты
Алматы, BAQ.KZ. Бокстан IBF және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) Matchroom Boxing YouTube-каналына берген сұхбатында Қазақстанда жекпе-жек өткізу арманы бар екенін айтты. Әрине, Қазақстан халқы өз үйінде ондай жекпе-жек кешін өткізуге әбден лайық. Оларда да АҚШ-дай жоғары деңгейдегі ғаламат шоуларды барып көру мүмкіндігі болу керек. Халық оған лайық деп санаймын. Ондай шоулардан ләззат алуға мүмкіндік беріп, оны жасау қажет. Мен әрине "иә" деп айтар едім. Бұл жерде көп нәрсе маған байланысты емес, егер сондай мүмкіндік туса оны қуана жасар едім, - деді Головкин.
- Соңғы
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
17 сәуір 2024
17 сәуір 2024
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар