Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандық гимнастшылар әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

24.kz

Қазақстандық гимнастшылар әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

Венгрияда спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.Қазақстандық спортшылар іріктеу кезеңінен іркілмей, жалпы саны алты финалға жолдама алды. Атап айтқанда, Милад Карими төрт санат бойынша финалда өнер көрсетеді. Ол іріктеу кезеңінде еркін жаттығуда бірінші орын, қол тіреп секіруден екінші нәтиже, қоссырық үшінші орын, керме бойынша үшінші орыннан көрінді.Ал Нариман Курбанов болса, гимнастикалық ат снарядында бірінші орыннан көрініп, ақтық финалға шықты. Сонымен қатар Ілияс Азизов еркін жаттығу бойынша іріктеу кезеңінде 5-орынға жайғасып, жүлде үшін сынға түсуге мүмкіндік алды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024