Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Чемпиондар лигасы: «Пари Сен-Жермен» «Барселонаны» ұтты

24.kz

Чемпиондар лигасы: «Пари Сен-Жермен» «Барселонаны» ұтты

«Пари Сен-Жермен» «Барселонаны» ұтты.Чемпиондар лигасы аясындағы ең тартысты матчтардың бірі Испанияда болды. Жергілікті «Барселона» өз алаңында париждік клубты қабылдаған. Ең алғашқы голды Лионель Месси соқты. Ол 11 метрлік айып добын сәтті орындады. Ал, қонақтар ойын соңына дейін 4 рет мергендігімен көзге түсті. Әсіресе, Килиан Мбаппе хет-трик авторы атанды. Соның арқасында ПСЖ тарихындағы ең үздік ойыншылардың үштігіне кірді. Тағы бір голды италиялық шабуылшы Мойзе Кин соқты. Қос клуб арасындағы қарымта матч 10 наурызда өтеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024