Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Милад Карими спорттық гимнастикадан үш жаттығу бойынша финалға шықты

24.kz

Милад Карими спорттық гимнастикадан үш жаттығу бойынша финалға шықты

Токио Олимпиадасында спорттық гимнастикадан іріктеу турнирі аяқталып, финалға өткен спортшылар есімі белгілі болды.Олардың қатарында қазақстандық Милад Карими де бар деп жазады Olympic.kz.Милад Карими үш жаттығу бойынша финалға жолдама алды.Ол гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша іріктеуде 14.766 ұпай жинап, екінші нәтиже көрсетті.Еркін жаттығуда 8-ші орын иеленіп, финалға жолдама алды. Сондай-ақ көпсайыс бойынша 20-шы орынға тұрақтап, Токио Олимпиадасының финалдық кезеңіне өтті.Осылайша, қазақстандық гимнаст үш финалда бақ сынайды. Көпсайыстан финалдық сын 28 шілдеге, еркін жаттығудан финалдық бәсеке 1 тамызға, гимнастикалық кермедегі финал 3 тамызға жоспарланған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024