Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Айдос Ербосынұлы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді – Видео

aikyn.kz

Айдос Ербосынұлы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді – Видео

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атануға үміткерлер қатарына енді. Ол бұл титулды Аллен Ленноксты жеңгеннен кейін алды. Олардың жекпе-жегі Нұр-Сұлтанда өткен «Көшпенділер шайқасы 2» бокс кешінің басты жекпе-жегіне айналды. Орта салмақтағы жекпе-жек он екі раундқа есептелген еді, бірақ, оныншы раундта Ербосынұлының жеңісімен аяқталды. Осылайша, Айдос Ербосынұлы кәсіпқой мансабындағы ең маңызды жекпе -жегінде жеңіске жетті. Леннокс Аллен үшін бұл проф-рингтегі екінші жеңіліс. Еске салайық, Ербосынұлының WBC ABC, WBO Global және WBA International чемпиондық белбеулері бар.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024