25 жастағы ауыр атлет қайтыс болды
Қазақстандық зілтемірші Альберт Линдер 26 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясы хабарлады. «Бүгін түнде дарынды спортшы – ауыр атлет Альберт Линдер қайтыс болды. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, универсиада жеңімпазы және рекорд жасаған. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Альберт табандылықтың, тәртіптің және өз ісіне деген сүйіспеншіліктің арқасында биік белестерді бағындырып, көпке үлгі болды. Ауыр атлетика федерациясы ұжымы спортшының туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады» делінген ресми хабарламада.
- Соңғы
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
26 сәуір 2024
26 сәуір 2024
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар