Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ауыр атлетикадан моңғолиялық қандасымыз Әділ Қарилбайұлы жүлдегер атанды - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

inform.kz

Ауыр атлетикадан моңғолиялық қандасымыз Әділ Қарилбайұлы жүлдегер атанды - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады. Қазақстанда Иранның арнайы көрмесі өтеді - Parstoday Иранның Сауданы дамыту ұйымының бас директоры Қазақстанда Иранның арнайы көрмесінің өтетінін хабарлады. Бұл туралы осы аптада Parstoday ақпарат агенттігі жазған болатын. Ирандық БАҚ-тың мәліметі бойынша, Иранның Сауданы дамыту ұйымының бас директоры Алиреза Пейманпак Иранның Қазақстандағы арнайы көрмесінің 2022 жылдың 1-3 шілдесі аралығында Алматы халықаралық көрме орталығында өтетінін мәлімдеген. «Қазақстанның иран тауарларын экспорттау әлеуеті жоғары. Сондықтан бұл көрме еліміздің экономикалық белсенділері үшін жақсы мүмкіндік. Қазіргі уақытта Қазақстан үкіметі Иранмен сауда қарым-қатынасының дамуын құптайды және біз Қазақстанның Сауда министрлігінен Еуразия Одағы тұрғысынан да, екіжақты сауда қатынастары тұрғысынан да айтарлықтай ынтымақтастықты көріп отырмыз», - дейді Иранның Сауданы дамыту ұйымының бас директоры. Ислам Өркениеттері мұражайы ашылады - TRT Ислам Өркениеттері мұражайы 1200 жылдық тарихты суреттейтін және көбі бұрын көрмеге қойылмаған теңдесіз мұралардан құралады. Үлкен Чамлыжа мешіті кешенінде Ислам Өркениеттері мұражайын ертең президент Режеп Тайып Ердоған ашты, деп хабарлайды «Түркия Радио Теледидар» ақпараттық агенттігі. Аталған БАҚ-тың келтірген дерегіне сүйенсек, Ыстанбұлдағы Үлкен Чамлыжа мешіті кешенінде орналасқан 10 мың текше метр алаңдағы Ислам Өркениеттері мұражайы Ұлттық сарайларға қарасты Топқапы сарайы мен Сарай коллекциялары мұражайы, Түрік және Ислам мұралары мұражайы, Ыстанбұл Археология мұражайы, Ыстанбұл кешендер мұражайы және Қорлар мұражайы коллекцияларынан таңдалған мұралардан дайындалды. «VII ғасырдан XIX ғасырға дейінгі Ислам өнерінің дамуын бейнелейтін 88 мұра қойылған мұражай Түрік тоқыма өнері, Мұхаммед Пайғамбарға тиесілі туындылар, Ислам өнеріндегі сәулет және сәндік элементтер, Қағбаның бірінші мешіті, Дамаск құжаттары, Құран Кәрім және оның қоршаулары, Исламдағы ғылым, Берат және жарлықтар. Сонымен бірге Хусн-и Хат (көркем жазу), Тұмар жейделер, Османлы киімі, Дестималь (орамал) дәстүрі, Саркофаг (мұқаба), Исламдағы жеңістер, Түрік керамика өнері, Ислам ақшаларын қамтыған 15 тақырыптық бөлімнен тұрады», деп жазады түркиялық БАҚ. Ташкентте жаңа үлгіде автобус аялдамалары салынуда - «ӨзА» Ташкент қаласында үлгілі жоба бойынша автобус аялдамалары құрылуда. Қалалық көлік басқармасының дерегінше, 2022 жылдың бірінші тоқсанында осы жоба негізінде 14 аялдама қайта жаңғыртылған, деп жазады Өзбекстанның «ӨзА» мемлекеттік ақпараттық агенттігі. Өзбекстандық БАҚ-тың мәліметінше, бұл жағдай Өзбекстан Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы «Ташкент қаласының қоғамдық көлік жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы» Жарлығына сәйкес жүзеге асырылуда екен. Ауыр атлетикадан Әділ Қарилбайұлы жүлдегер атанды - Kaznews Хэнтий аймағында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Моңғолия біріншілігі өтті. Бұл туралы осы аптада Моңғолияның Kaznews ақпараттық порталы хабарлады. Бұл чемпионатқа Баян-Өлгий аймағынан екі спортшы қатысып, алтын және қола жүлдені қанжығасына байлады. Моңғолиялық БАҚ-тың дерегінше, ерлерден 55 келі салмақта Әділ Қарилбайұлы жұлқа көтеруде 45 келі, серпе көтеруде 50 келіні еңсерді. Қоссайыс нәтижесінде 95 келі көтеріп, қола жүлдегер атанды. Ал қыздар арасында 64 келіде Т.Орхон жұлқа көтеруден 70 келі, серпе көтеруден 90 келіні еңсерді. Қоссайыс нәтижесі бойынша Т.Орхон 160 келі көтеріп, ел біріншілігінде ең жоғары нәтиже көрсетіп жеңіске жетті. Сычуаньдағы кітап дүкенінің ерекше дизайны адамдарды таң қалдырды - «Халық Газеті» Сычуань өлкесінің Дужянянь қаласындағы «Жуншюгэ» кітап дүкені ерекше дизайнымен адамдарды баурап алды. Біраз уақыт бұрын әлемге әйгілі архитектуралық Architizer веб-сайты 2021 A+ Awards жеңімпаздарының тізімін жариялады. Оның ішінде аталған кітап дүкені де бар еді, деп хабарлайды Қытайдың «Халық Газеті» . Аталған БАҚ-тың келтірген дерегіне сүйенсек, «Жуншюгэ» кітап дүкені әлемдегі ең ықпалды сәулет ескерткіштерінің бірі және сәулет индустриясында «Оскар» ретінде белгілі кәсіби қазылар алқасының жүлдесін жеңіп алған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024