Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Әлемді бағындырады". Белгілі бапкер Әлімханұлы туралы ойын айтты

alashainasy.kz

Әлемді бағындырады. Белгілі бапкер Әлімханұлы туралы ойын айтты

Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) алдағы уақытта Геннадий Головкиннен (42-1-1, 37 КО) кейін әлемді бағындыратын боксшылардың бірі болады. Бұл туралы әуесқойлар арасында ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері, Әлімханұлын жаттықтырған білікті маман Мырзағали Айтжанов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. Әуесқойлар арасында әлем чемпионы атағы бар Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі келесі кездесуін ұлыбританиялық Дэнни Дигнумға (14-0-1, 8 KO) қарсы өткізеді. Алдағы уақытта үлкен аренаға шығатын жекпе-жектің бастауы деп ойламын. Осы айқастан кейін әлем чемпионы атанса, белбеу алса, көптеген мүмкіндіктер ашылады. Бірінші кезекте сәттілік тілейміз. Ал Жәнібек бұрыннан зор үміт күттіріп жүрген спортшылардың бірі. Сол себепті нағыз тәжірибе жинақтап, нағыз мықты қазақ боксын көрсетіп жүрген былғары қолғап шеберлерінің бірі деп ойлаймын. Оның үстіне жекпе-жекке сапалы дайындалып жатқанын көріп жүрмін. Өйткені Берік (ред. Берік Сұлтан Ж. Әлімханұлының PR менеджері) інім әрбір дайындығынан видео жіберіп тұрады. Дайындығы жақсы. Алла сәтін салып, жолын берсе, жеңіске жетіп елді қуантады деген ойдамын. Геннадий Головкиннен кейін үлкен белестерді бағындыратын, әлемді бағындыратын дәл осы Жәнібек болады, – деп сөзін түйіндеді Айтжанов.Еске салайық, Қазақстан уақытымен 22 мамыр күні Лас-Вегаста (АҚШ) Жәнібек Әлімханұлы мен ұлыбританиялық Дэнни Дигнум арасында бокс кеші өтеді. BAQ.KZ Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024