Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Неймар "Барселонаға" қайта оралуы мүмкін

alashainasy.kz

Неймар Барселонаға қайта оралуы мүмкін

Франциялық ПСЖ командасының шабуылшысы Неймар "Барселонаға" қайта оралуы мүмкін, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап. Журналист Хосе Альварестің ақпараты бойынша, париждік команданың басшылары каталониялық командаға бразилиялық шабуылшыны 50 миллион еуроға сатып алуды ұсыныпты. Енді алдағы уақытта екі клуб келіссөз бастауы мүмкін. Еске салайық, осыған дейін ПСЖ командасы Неймарды туриндік "Ювентуске" жалға алуды ұсынды деген ақпарат шыққан болатын. Париждік команда құрып жатқан жаңа жоспарға Неймар кірмейді екен. Бірақ клуб бразилиялық шабуылшыны оңайлықпен сата алмайды. Оның үстіне 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап Неймардың келесімшартты автоматты түрде 2027 жылға дейін созылып кетеді. Айта кетейік, Неймар ПСЖ сапына 222 миллион еуроға 2017 жылы "Барселонадан" ауысып келді. Бұл футбол тарихында ең қымбат трансфер болып қалды. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 шілде 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар