Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Исраэль Адесанья UFC 276 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті

alashainasy.kz

Исраэль Адесанья UFC 276 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті

Орта салмақта UFC ұйымының чемпионы Исраэль Адесанья (23-1) бесінші мәрте чемпиондық белбеуін қорғап қалды. Ол Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өткен UFC 276 турнирінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 32 жастағы Жаңа Зеландия өкілінің қарсыласы 38 жастағы америкалық Джаред Каннонир (15-6) болды. Бес раундқа жоспарланған жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер 49:46, 49:46, 50:45 есебімен Адесаньяға жеңісті берді. Бұл Адесаньяның қатарынан үшінші жеңісі, ал жалпы аралас жекпе-жектегі 23 жеңісі болды. Осылайша, чемпион өзінің белбеуін бесінші мәрте сәтті қорғады. Ал Каннонира болса алтыншы рет жеңілді. Ол өз карьерасында тек UFC ұйымында жеңілген. Айта кетейік, негізі Каннонир UFC ұйымында ауыр салмақта өнер көрсете бастаған. Бірақ кейін жартылай ауыр, сосын орта салмаққа ауысқан. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 шілде 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар