Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақ "Титанынан" жеңілген Иран "Халкы" мәлімдеме жасады

alashainasy.kz

Қазақ  Титанынан жеңілген Иран Халкы мәлімдеме жасады

Алмат "Қазақ Титаны" Жұмановтан жеңілгеннен кейін Саяд "Иран Халкы" Гариби Иран халқына қарата үн қатты. Бұл туралы vesti.kz тілшісі Mirror.co.uk сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Гариби өткен демалыс Дубайда өткен бокс ережесі бойынша өткен жекпе-жекте бірінші раундта нокаутпен Алмат Жұмановтан жеңілді. "Айтарым жоқ, ұятты болдым, Иран халқы алдында кешірім сұраймын", - дейді Гриби. 300 фунттық спортшының бапкері мән-жайды тарқатып айтып, Гарибиде дайындыққа тек екі апта болғанын айтады. "Жаман да, жақсы да хабарламаларыңыз үшін рахмет. Саяд маған келмей тұрып жекпе-жек белгіленіп қойды. Ол дайындалып үлгермейтінін айттым, алайда, оны біреу жаттықтыру керек еді ғой. Ал айқастан бас тарта алмайды, ондай болса, қомақты айыппұл төлеу керек болатын. Қиын жағдайда қалдық, Саяд Тегеранға келгенде демеуші сөзінде тұрмады, қаржылай қиындыққа тап болдық. Ол бар болғаны екі апта дайындалды. Қарсыласы да сол деңгейде еді, бірақ, Саяд ештеңе істей алмайды, өкінішті. Болашақта бұл қателікті жуып-шая аламыз деген үміттемін", - дейді маман. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024