Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Магомед Адиев қызметінен кетпейтінін мәлімдеді

alashainasy.kz

Магомед Адиев қызметінен кетпейтінін мәлімдеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев БАҚ өкілдерінен ең жиі жолданатын сұрақтарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап. «Бүгінде Қазақстан құрамасының жұмысына ғана зейін аударамын. Қазақстан футбол федерациясымен келісімшартым бар. Алда маңызды екі ойын күтіп тұр. Сол себепті келісім аяқталмай қызметімнен кетпеймін. Ешқандай күмән келтірудің қажеті жоқ. Жақында ғана Қазақстан Кубогының «Ақтөбе» – «Тараз» ойынына бардым. Талдау жұмыстары жүргізілді. Біздің бапкерлік штаб Беларусь және Әзербайжан ойындарына толық дайындық жүргізіп жатыр. Кейбір БАҚ-та тараған ақпараттарға тоқтала кетсек, әр бапкердің өмірінде ондай әңгімелер болып тұрады. Мен қазіргі таңда Қазақстандамын. Күзде өтетін Ұлттар Лигасының ойындарына бірқатар үміткерді қарап жатырмын», деді ұлттық құраманың бас бапкері. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024