Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Индор хоккейден Азия кубогі: қазақстандық командалар жүлделі орындарға таласады

inform.kz

Индор хоккейден Азия кубогі: қазақстандық командалар жүлделі орындарға таласады

Ерлер құрамасы қай орынға таласатыны ертең, 14 тамызда Малайзиямен кездесуден кейін анықталады. Қазір турнир кестесінде Малайзияның 11, Қазақстанның 10 ұпайы бар. Өзара кездесу барысында жеңімпаз бас жүлдені сарапқа салады. Жеңілгені үшінші орын үшін сынға түседі. Ал көш басында 15 ұпаймен Иран құрамасы тұр. Айта кетсек, қазақстандық хоккейшілер бұдан бұрын Индонезиямен 4:4 есебімен тең түссе, Сингапурды 6:1, Тайваньды 5:1, Таиландты 6:3 есебімен тізе бүктірді. Тағы бір кездесуде Иранға 3:4 есебімен жол берді. Қазақстандық хоккейшілер бұған дейін Азия кубогында 2014 жылы қола жүлдегер атанса, 2015, 2017, 2019 жылдарда күміс медаль алды. Ал еліміздің әйелдер құрамасы биылғы турнирде қола жүлдеге таласады. Бұл кездесуде 15 тамызда Малайзиямен шеберлік байқасады. Бұған дейін олар топтық кезеңде Шри-Ланканы 13:0, Иранды 5:2 Тайваньды 6:0 есебімен тізе бүктіріп, жартылай финалда Таиландқа 0:6 есебімен жол берді. Қазақстандық хоккейшілер бұған дейінгі Азия кубогы ойындарында 2010, 2012, 2014, 2015. 2017, 2019 жылдарда Азия кубогының жеңімпазы атанған болатын.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024