Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Исламиада ойындары: Қазақстан тағы екі алтын медаль алды

alashainasy.kz

Исламиада ойындары: Қазақстан тағы екі алтын медаль алды

Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі қазақстандық жүзуден чемпион атанды, дп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтсақ, ел құрамасынан Әділбек Мусин 100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде үздік нәтижеге қол жеткізді. Көрсеткіші - 53,20 секунд. Ал София Әбубәкірова 50 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде 27,17 секунд көрсеткішпен мәреге қарсыластарынан озық жетті. Еске салсақ, бұдан бұрын Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс тәсілімен жүзуде алтын медаль жеңіп алған болатын. Б үгін отандық гимнаст Эльжана Тәниева, сондай-ақ « алтын» иеленді. Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті. Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 - 18 тамыз аралығында өтеді. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024