Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ислам ынтымақтастық ойындары: қоржынымызда 69 медаль

alashainasy.kz

Ислам ынтымақтастық ойындары: қоржынымызда 69 медаль

Қоржынымызда 69 медаль. Оның 19-ы алтын. Түркияның Конья қаласында ислам ынтымақтастық ойындары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Жерлестеріміз күнделікті топ жарып, жеңіс тұғырынан табылуда. Әсіресе, көркем гимнастиканың жекелей сынында Эльжана Таниева қарсылас шақ келтірмеді. Ол доппен жаттығуда алтын, ал, таспамен жаттығуда қола медаль жеңіп алды. Бұған қоса, топтық жарыста ұлттық құрама қола жүлдеге ие болды. Ал, әйелдер күресінде қазақстандық Елена Шалыгина жеңімпаз атанды. Ол 65 келіге дейінгілер арасында сынға түскен еді. Елена финалда Әзібайжан спортшысын ұтты. Бұған қоса, Мадина Бақбергенова күміс, ал, Жәмила Бақбергенова және Ирина Кузнецова қола жүлдені қанағат тұтты. Кейін олардың жеңіс жолын жүзу шеберлері іліп әкетті. Әсіресе, Әділбек Мусин мен Софья Әбубәкірова алтыннан алқа тақты. Олар, сәйкесінше, 100 және 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу бәсекесіне қатысқан еді. Арқалай жүзуде жерлесіміз Ксения Игнатова, ал, еркін жүзуде Даниэла Дю үздік үштікті түйіндеп, бір-бір қоладан жеңіп алды. Әділбек Мусин, жүзуден ұлттық құрама мүшесі: - Ауыр атлеттеріміздің де көрсекіші жаман емес. Ұлттық құрама бас-аяғы 26 медаль жеңіп алды. Әсіресе, ауыр салмақтағы Айзада Муптілдә серпе көтеруде 116, жұлқа көтеруде 150 келіні бағындырып, Ислам ойындарының рекордын орнатты. Айзада осы салмақта алтынды жеңіп алса, тағы бір қазақстандық Любовь Ковальчук күміс медаль еншіледі. Оның алдында ғана жеңіл салмқатағы Зүлфия Чиншанло да чемпион аптанған еді. Ерлер арасында Артём Антропов күміс, Асылжан Бектай қола медаль жеңіп алды. Айта кетейік, алғашқы жарыс күндері жеңіл салмқатағы Арли Чонтей де қарслыас шақ келтірмей, қоржанға алтын жүлде салды. Сонымен ұлттық құрама жалпы есепте әзірге 4-ші тұр. Топ басында 229 медаль жеңіп алған Түркия келеді. Үздік үштікті Өзбекстан мен Иран түйіндеді. Конья қаласындағы ойындар 19-шы тамызға дейін жалғасады. Әлем чемпионатында жүлдеге ілікті. Қазақстандық Айболат Құбашев футбол фристайлынан дүниежүзілікдодаға қатысты. Байрақты бәсекені Чехия астанасы Прага қабылдаған болатын. Жарысқа 47 елден бас-аяғы 250 фристайл шебері жиналды. Олар үш санат бойынша, яғни, жоғары, орта және бастауыш санаттарында өзара мықтытны анықтады. Айболат Құбашев орта катергорияда өнер көрсетіп, финалда финляндиялық спортшыға ғана жол берді. Осылайша жерлесіміз фристайлан ел тарихындағы алғашқы күміс медальді жеңіп алды. « Бәрі жақсы өтті, бірақ, әрине, жарыс оңай емес. Қарсыластар өте мықты. Енді осы бәсекеге жыл сайын қатысып, шеберлігімді арттыра түсуге тырысам» деді 24 жастағы Айболат Құбашев. «Хабар 24». Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024