Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Каземиро басқа командаға ауысуы мүмкін

alashainasy.kz

Каземиро басқа командаға ауысуы мүмкін

"Реал" жартылай қорғаушысы Каземиро "Манчестер Юнайтедке" ауысуға жақын. Бұл туралы белгілі инсайдер Фабрицио Романо хабарлады, - деп жазады Alashainasy.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап. Журналисттің айтуынша ағылшын командасы 30 жастағы ойыншымен келіссөздер жүргізуде. Белгілі болғандай Бразилия құрамасының футболшысы алдағы 48 сағатта медициналық тексерістен өтіп "қызыл сойқандардың" ойыншысы атанады. Каземиро Тұманды Альбионда аптасына 413 мың еуро табыс табады деген де ақпарат бар. Еске салайық, жартылай қорғаушы "бланкос" сапында 336 матчта алаңға шығып, 31 гол салған. Сонымен қатар, 29 рет нәтижелі пас берген. Ол мадридтіктермен 18 трофей жеңді. Каземиро "Реалмен" 2025 жылға дейін келісімшарт жасасқан. Өз кезегінде "корольдік" клуб ойыншыны 80 миллион еуроға бағалап отыр. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024