Жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин мансабын аяқтады

alashainasy.kz

Жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин мансабын аяқтады

2016 жылғы Жазғы ойындардың алтын жүлдегері, 27 жастағы қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин спорттық мансабын тастап, жаттықтыруға ауысты, деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл туралы ҚР БҒМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшысы Самат Ерғалиев жүзуден Қазақстан құрамасының бас бапкері Илья Гусаков пен Дмитрий Баландинмен кездесуінен кейін хабарлады. - Олимпиаданы бағындырған спортшылар бұл бағыттан алшақ кетпей, ел спортының дамуына үлес қосуы керек. Сіздің жаттықтырушы болуға ұмтылуыңыз Қазақстан спортының сіз үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді деп ойлаймын. Біз өз тарапымыздан сізді қолдауға дайынбыз, - деп мәлімдеді Самат Ерғалиев. Дмитрий Баландин – 200 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы, Азия ойындарының 3 дүркін чемпионы, 2015 жылғы Универсиаданың жеңімпазы. Ол – 50, 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Қазақстанның рекордсмені, жүзуден Олимпиада "алтынын" жеңіп алған тарихтағы тұңғыш қазақстандық. 10 қыркүйекте Дмитрий Баландиннің үйленгені белгілі болды. Оның жұбайы синхронды жүзуден 2014 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері – Кристина Тыныбаева. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 желтоқсан 2022