Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Футболдан Ұлттар лигасында бүгін Әзербайжан - Қазақстан кездесуі өтеді

alashainasy.kz

Футболдан Ұлттар лигасында бүгін Әзербайжан - Қазақстан кездесуі өтеді

Футболдан UEFA Ұлттар лигасы алтыншы турында Қазақстан сырт алаңда Әзербайжанмен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталған кездесу елорда уақытымен 22:00-де басталып, «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Турнир кестесінде Қазақстан құрамасы 13 ұпаймен көш басында тұрса, 7 ұпай еншілеген Словакия екінші орында келеді. Қазақстандық футболшылар бұған дейін елордада Әзербайжанды 2:0, Словакияны сырт алаңда 1:0, өз алаңында 2:1 есебімен тізе бүктірді. Ал Беларусьпен сырт алаңда 1:1 есебімен тең түссе, елордада 2:1 есебімен басым түсті. Нәтижесінде бір тур бұрын В дивизионына жолдамаға қол жеткізді. Оған қоса 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына берілеті жолдаманы сарапқа салуға мүмкіндік алды. Екі құрама бұған дейін 7 мәрте шеберлік байқасты. Оның төртеуінде қазақстандық футболшылар жеңіске жетсе, екеуінде кездесу тең аяқталып, біреуінде әзербайжандық құрама басым түсті. Аталған кездесуде германиялық Харм Осмерс бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Доминик Шааль мен Беньямин Бранд көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі Роберт Кемптер. Сондай-ақ, бүгін аталған топта Словакия мен Беларусь құрамалары өзара шеберлік байқасады. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024