Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Кореялық NAIZA чемпионы қазақ файтерлерді оңдырмай сыбады

alashainasy.kz

Кореялық NAIZA чемпионы қазақ файтерлерді оңдырмай сыбады

NAIZA лигасының жеңіл салмақтағы чемпионы Су Енг Ю (9-2) өз белбеуіне қазақстандық үміткерлерін оңдырмай сынап тастады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Бірнеше күн бұрын NAIZA президенті Нұрбек Қарабала жеңіл салмақтағы төрт файтерге чемпионға үміткер атану үшін Гран-опи өткізуді ұсынған. Егер олар келісімге келсе, келесі айда-ақ Жұман Жұмабеков (12-5) Елжан Әлиасқармен (9-3), ал Еламан Шертаев (9-1) жеңілмеген Дастан Амангелдімен (4-0) жекпе-жек өткізеді. Су Енг бұл жігіттердің ешқайсы өзіне үміткер атануға лайық емес деген ойда: "Армысыздар! Бұл мен, NAIZA чемпионы. Мен чемпион атанғаннан кейін ұйым келесі қорғауыма қарсылас болатын файтерлердің есімін атады. Олардың бәрін қарап шығып, ешқайсы маған келесі қарсылас болуға жарамайтынын көрдім. Мәселен, Жұман, NAIZA лигасының бұрынғы чемпионы. Қалай чемпион бола алғанын түсінбедім. Алдында өткен жалаң жұдырықпен жекпе-жекте жеңісіне қарамастан оған жаның ашиды. Малмаңдай су егеуқұрыққа ұқсап тұрды, ал бетінен бет жоқ, танымай қаласың. Одан кейін менің титулды айқасымнан кейін шаршы алаңға шыққан жігіт. Ол құрметсіздік танытып отыр. Ол тіпті салмақ лимитін орындай алмады. Чемпион емес, қарапайым файтердің орындауы міндет дүние ғой. Оның есімі менікімен бірге айталғанын қаламаймын. Аты аталған өзге екі жігіт (Елжан Әлиасқар мен Дастан Амангелді). Аты жоқ біреулер, ешкім де емес. Сондықтан NAIZA президенті айтқандай төрт адамның Гран-приін көргім келеді. Оның жеңімпазы менімен белбеу үшін жұдырықтаса алады. Рахмет", - деді чемпион. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024