Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мессидің голы көмектеспеді. Әлем чемпионатында алғашқы сенсация тіркелді

alashainasy.kz

Мессидің голы көмектеспеді. Әлем чемпионатында алғашқы сенсация тіркелді

Футболдан Катардағы әлем чемпионатында алғашқы сенсация тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. "Лусаил Айконик" стадионында Аргентина мен Сауд Арабиясы кездесті. Бұл С тобындағы алғашқы ойын болатын. Матч аргентиналықтардың голымен басталды. 10-минутта Лионель Месси пенальтиден гол соқты. Осылайша, Месси төрт әлем чемпионатында гол соққан алғашқы аргентиналық атанды. Үзіліске дейін оңтүстікамерикалық құрама тағы үш гол соққан. Бірақ үш сәтте де төреші офсайд тіркеп, голдарды есепке алған жоқ. Ал үзілістен кейін ойын сарыны өзгерді. Екінші таймның басында Сауд Арабиясы екі гол тоғытып тастады. 48-минутта Салех Әл-Шехри есепті теңестірді. Араға бес минут салып Салем Әл-Даусари алыс тоғыздықты дәл көздеп, азиялық құраманы алға шығарды. Кездесу соңына дейін аргентиналықтар таразы басын теңестіруге асықты, бірақ Сауд Арабиясы мүмкіндік берген жоқ. Қорытынды есеп - 2:1, Сауд Арабиясы үш ұпай еншіледі. Осылайша, Катардағы додада алғашқы сенсация тіркелді. Себебі турнир алдында Аргентина басты фавориттердің бірі саналған. Енді Аргентина құрамасы келесі матчін 26 қарашада Мексикаға қарсы өткізеді. Ал Сауд Арабиясы дәл сол күні Польшамен күш сынасады. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024