Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қатар 2022: Иран соңғы сәтте Уэльсті жеңіп кетті

alashainasy.kz

Қатар 2022: Иран соңғы сәтте Уэльсті жеңіп кетті

Футболдан әлем чемпионатының екінші турын В тобындағы Уэльс пен Иран матчі ашты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Бірінші турда Уэльс АҚШ-пен тең түссе, Иран Англиядан 2:6 есебімен жеңіліп қалған болатын. Ал 2-тур матчінде Иран футболшылары 16-минутта есеп ашқан. Бірақ Әли Голизаде офсайдта қалып, гол есепке алынбады. Кейін Иран футболшылары бір шабуылда допты екі рет бағанаға тигізді - бірақ гол соға алмады. Еуропалық құрама қарсыласқа мардымды жауап бере алмады, ирандықтар шабуылда өткір ойнады. Кездесудің 86-минутында Уейн Хеннесси ойын тәртібін бұзғаны үшін алаңнан қуылып, Уэльс құрамасы 10 ойыншымен қалды. Бұл биылғы әлем чемпионатындағы алғашқы қызыл қағаз болды. Соған қарамастан, Иран футболшылары қанша шабуылдағанымен гол соға алмады. Ал шешуші сәт 99-минутта болды. Қорғаушы Рузбех Чешми ойын соңында гол соғып, Иранды алға шығарды. Ал 101-минутта ирандықтар жылдам шабуыл жасап, екінші голын соқты. Қарымта шабуыл кезінде Рамин Резаян матч нүктесін қойды - 2:0. Осы кездесуден соң екі команданың да плэй-офф кезеңіне шығу мүмкіндігі сақтаулы. Иранда үш, Уэльсте бір ұпай бар. В тобының шешуші ойындары 29 қарашада өтеді. Уэльс пен Англия, Иран мен АҚШ құрамалары күш сынасады. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024