Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қатар-2022. Франция плей-офф кезеңіне шықты

alashainasy.kz

Қатар-2022. Франция плей-офф кезеңіне шықты

Франция құрамасы Қатардағы әлем чемпионатында қатарынан екінші ойында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Доханың "Стэдиум 974" аренасында француздар Дания құрамасынан басым түсті. Бірінші таймда есеп ашылмаса, үзілістен кейін 45 мың жанкүйер үш голдың куәсі болды. 61 минутта Килиан Мбаппе Дешам командасын есепте алға шығарса, араға 7 минут салып Андреас Кристенсен таразы басын теңестіріп кетті. Ал негізгі уақыттың аяқтиалуына 4 минут қалғанда Мбаппе дубль авторы атанды. Осы жеңісінен кейін Франция құрамасы D тобында 6 ұпаймен көш бастап плей-офф раундына шықты. Екінші турдан кейін Аустралия командасы 3 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Дания мен Тунис бір-бір баллмен төменгі сатыларға орналасты. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024