Катар-2022: Испания мен Германия тең түсті

Футболдан Катардағы әлем чемпионатының екінші тур матчтінде Испания мен Германия кездесті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Испаниялықтар 2010 жылы, немістер 2014 жылы әлем чемпионы атанған. Е тобындағы ойынның бірінші таймында есеп ашылмады. 40-минутта Антонио Рюдигердің голы есепке алынбады - неміс қорғаушысы офсайдқа шығып кеткен екен. Ал 62-минутта испаниялықтар алға шықты - сол жақ қанаттан Жорди Альба асырған допты Альваро Мората қақпада тулатты. Кездесудің 83-минутында Никлас Фуллкруг таразы басын теңестіре алды. Осылайша, матч 1:1 есебімен аяқталды. Екі турдан соң Испания құрамасы Е тобында төрт ұпаймен көш бастап тұр. Жапония мен Коста-Риканың еншісінде үш ұпай бар. Ал Германия бір ұпаймен соңғы орында тұр. Бұл топтың келесі матчтары 1 желтоқсанда өтеді. Испания Жапониямен, ал Германия Коста-Рикамен кездеседі. Германия топтан шығуы үшін Коста-Риканы ұтуы қажет. Ал Испания жапон футболшыларынан басым түсуі керек. Тектес:
- Соңғы
-
-
- Шілде, 04
-
-
-
- Шілде, 03
-
-
-
-
- Шілде, 02
-
-
-
- Шілде, 01
-
-
-
- Маусым, 30
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
5 шілде 2025
5 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар