Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Италиялық велошабандоз Кристиан Скарони келер жылы да «Astana» сапында өнер көрсетеді

inform.kz

Италиялық велошабандоз Кристиан Скарони келер жылы да «Astana» сапында өнер көрсетеді

«Соңғы жарты жылда «Astana Qazaqstan Team» командасының маған берген жаңа мүмкіндігі әлемдік турға жоғары деңгейде дайындалуыма жол ашты. Мен команданың толық мүшесіне айналдым деп ойлаймын. Оған менің бұған дейін кейбір спорт директорлары және велошабандоздармен таныс болғаным себеп. Осы айлардың ішінде команданың алға қойған мақсаттарына қол жеткізуіне өз көмегімді тигіздім, қолымнан келгеннің барлығын жасадым. Мен үшін келісімшарт мерзімін ұзарту маңызды. «Astana Qazaqstan Team» командасымен бірге болған уақыт ішінде керемет қолдауға ие болдым. Сондықтан оның сапында спорттық мансабымды жалғастыратыныма қуаныштымын. Мен үшін әлемдік турдағы толық маусым үлкен қадам болмақ», - деді Кристиан Скарони. 25 жастағы Кристиан Скарони болашағынан зор үміт күттіретін спортшылардың бірі. Велошабандоз бүгінгінің өзінде таулы аймақтарда өткен жарыстарда үздіктер қатарынан көріне білді. Ол биылғы күрделі маусымға қарамастан, «Адриатика-Ионика» кезеңдерінде екі рет жеңіс тұғырынан көрініп, бір күндік «Коппа Бернокки» жарысында 7-ші орынды иеленді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024