Қысқы Универсиадада ел қоржыны сегізінші медальмен толықты

Қазақстандық биатлоншы Александр Мухин АҚШ-та өтіп жатқан қысқы Универсиадада Қазақстанға сегізінші медальді алып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап. А.Мухин масс-стартта екінші болып, күміс медаль жеңіп алды. Ол ату рубеждерінде төрт рет мүлт кетіп (0+2+2+0), дисциплина чемпионы – француз Аксель Гарньеден 24.8 секунд қалып қойды. Қола жүлдені Норвегия биатлоншысы Эрьян Мосенг жеңіп алды. Бұдан бөлек, масс-стартта өнер көрсеткен Кирилл Бауэр – төртінші, Вадим Куралес – жетінші, Бекентай Тұрлыбеков 19-орынға тұрақтады. Биатлон. ЕрлерМасс-старт. 15 км.1. Аксель Гарнье (Франция) — 39:53.7 (1+0+0+0)2. Александр Мухин (Қазақстан) — +24.8 (0+2+2+0)3. Эрьян Мосенг (Норвегия) — +32.3 (0+2+2+1) 4. Кирилл Бауэр (Қазақстан) — +53.6 (0+0+2+0)7. Вадим Куралес (Қазақстан) — +1:13.5 (0+1+2+1)19. Бекентай Тұрлыбеков (Қазақстан) — +4:23.5 (1+2+3+1). Тектес:
- Соңғы
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар