Сабина Алтынбекова жаңа клубтағы формасын көрсетті

Қазақстандық белгілі волейболшы Сабина Алтынбекова Біріккен Араб Әмірліктерінің "Әл-Васл" клубының формасымен түскен суретін жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Волейболшы бұрын да дубайлық клуб үшін өнер көрсеткен. "S20", - деп жазыпты 20-нөмірмен өнер көрсететін Сабина Instagram желісінде. Еске салайық, Алтынбекова 2019 жылдың желтоқсаны мен 2020 жылдың маусымына дейін "Әл-Васл" сапында өнер көрсеткен. 2020 жылы Сабина италиялық "Казрета" командасына қосылады, алайда клубтың қаржылай қиындықтарына байланысты онда сол күйі ойнай алмады. Одан кейін пандемияға байланысты спортшы біраз уақыт клубсыз жүрді. Ал 2020 жылдың соңында Алтынбекова тұрмыс құрып, 2021 жылы қазанда ұлды болды.
- Соңғы
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар