Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Олимпиада чемпионының аяғын кесіп тастауы мүмкін

alashainasy.kz

Олимпиада чемпионының аяғын кесіп тастауы мүмкін

Мұзайдында билеуден Олимпиада чемпионы ресейлік Роман Костомаровтың аяғын кесіп тастауы мүмкін. Спортшының гангренасы меңдеп барады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі SHOT телеграм-арнасына сілтеме жасап жазды. Бастапқыда мәнерлеп сырғанаушының екі аяғының бақайларын ғана кесу туралы шешім қабылданған еді. Алайда некроз ары қарай меңдеп кеткен екен. Дәрігерлік тексеріс сол жақ аяғының буынындағы жұмсақ тіндерде газ көпіршіктері барын көрсеткен. Бұл инфекция барын білдіреді. Қазіргі таңда дәрігерлер спортшының аяғын аман алып қалу үшін бәрін жасап жатыр, алайда болжамдар қуантарлық емес. Еске салайық, 10 қаңтарда спортшы пневмониямен жансақтау бөліміне түскен. Кейін оның жағдайы күрт нашарлап кетіпті. Костомаров Татьяна Навкамен жұпта Туринде өткен 2006 жылғы Олимпиада жеңімпазы. Осы жеңістен кейін екі спортшы да карьерасын аяқтаған болатын.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024