Елена Рыбакина мастерс турнирінің ширек финалына өтті

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 76-ракеткасы, чехиялық Каролина Муховамен кездеседі. Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстандық теннисші төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 66-сатыда тұрған ресейлік Варвара Грачевамен шеберлік сынасты. Қарсыластар осыған дейін бір-ақ рет кездесіп, онда Елена жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте Рыбакина тағы бір брейкпен алға шықты. Содан кейін тағы бір брейкпен бітірді – 6:3. Қазақстандық спортшы екінші сетте қарқынын үдете түсті – 5:0. Ақыры төртінші матчболын пайдалана алды – 6:0. Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 76-ракеткасы, чехиялық Каролина Муховамен кездеседі.
- Соңғы
-
-
- Шілде, 04
-
-
-
- Шілде, 03
-
-
-
-
- Шілде, 02
-
-
-
- Шілде, 01
-
-
-
- Маусым, 30
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
5 шілде 2025
5 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар