Әлем чемпионатында бүгін бес қазақстандық боксшы бақ сынайды

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін бес қазақстандық спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz. Астана уақытымен сағат 14.30-да басталатын күндізгі сессияда үш қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Алуа Балқыбекова 48 келіге дейінгі салмақта ресейлік Юлия Чумгалаковамен шеберлік байқасады. Карина Ибрагимова (57 кг) әзербайжандық Махсати Хамзаевамен, Аида Әбікеева (63 кг) қытайлық Ченьгю Янмен сынға түседі. Сағат 18.30-да басталатын кешкі сессияда Римма Волосенко (60 кг) сербиялық Наталья Садринамен, Надежда Рябец доминикандық Мария Моронта Эрнандеспен рингке шығады. Әлем біріншілігі «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
- Соңғы
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар