Қайрат Ахметов АҚШ-та «Найзаны» жеңді

Аралас жекпе-жек шебері Қайрат Ахметов (26-2) белді промоушен One Fighting Championship Брумфилде (АҚШ, Коловадо штаты) өткізген турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап. Қ.Ахметов «Найза» лақап аты бар австралиялық файтер Рис Макларенмен (16-8) кездесті. Жекпе-жек жеңіл салмақта өтті және үш раундқа есептелді. Төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық спортшыға берді. Осылайша, Қайрат Ахметов кәсіби рингте 27-інші жеңісіне қол жеткізді. Ал Рис Макларен кәсіби ММА-да тоғызыншы рет жығылды. Қазақстандық файтер One FC лигасында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Сол кезден бері 9 айқас өткізді (сегіз – жеңіс, бір – жеңіліс).
- Соңғы
- Танымал
- Маусым, 30
-
-
-
-
- Маусым, 27
-
-
- Маусым, 26
-
-
-
- Маусым, 25
-
-
-
- Маусым, 24
-
-
-
- Маусым, 23
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
1 шілде 2025
1 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар