Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Басқа басқа қазақтан жеңілгеніміз дұрыс болмады»: Финалда өзбектердің қазақ боксшыларынан жеңілгенін ала тақиялылар қалай қабылдады?

kaz.caravan.kz

«Басқа басқа қазақтан жеңілгеніміз дұрыс болмады»: Финалда өзбектердің қазақ боксшыларынан жеңілгенін ала тақиялылар қалай қабылдады?

Финалдық сайыстардың екінші күні Қазақстанның үш боксышысы шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Алдымен 54 келіде Махмұт Сабырхан өзбек боксшысы Ойбек Жураевті тас талқан етіп жеңді. Тіпті үшінші раундта екі мәрте нокдаунға жіберді. Ал 17 келіде Асланбек Шымбергенов өзбек боксшысы Саиджамшид Жафаровты таза ұтты. Осы тұста шаршы алаңда қызық жағдай орын алды. Жеңімпазды хабарлайтын кезде рефери қателесіп жеңілген өзбек боксшының қолын көтеріп жіберді. Сондай-ақ Нұрбек Оралбай да қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатханды жеңді. Алайда өзбек боксшыларының қазақтардан ойсырай жеңілгенін жергілікті көрермендер әр түрлі қабылдады. Ал айтқан пікірілері төмендегідей: «Қазақ пен өзбек шықса бұл бокстағы эль классико ғой.Қазақтарды құттықтаймын». «Мәссаған, нағыз соғыс, Сабырхан танк сияқты» «Ойбек бір соққы жасайсың , тоқтайсың, соққың күшті емес, кемшіліктермен жұмыс істе, сәттілік» «Ойбек қате тактика таңдапты. Қазақ боксшыларына қарсы бұл дұрыс емес әдіс. Саиджамшид Жафаров та жекпе-жекте дәл осылай жеңілді» «Басқа ұлттан ұтылып қалса, жақсы, қазақтан ұтылып қалғаны дұрыс болмады» «Ойбектің түсінбейтіні ұят. Оны құлағынан сүйреп шығарды. Оны кетіру керек сборныйдан» . «Қазақтың техникасы мықты, біздің боксшымыз асханадан келе салған сияқты» «Бокс аяқталғанша қазақтар өліп кетейін деді, сасық өзбек төрешілерді сатып алған деп жар салар еді, барлық адамдарды өздері сияқты көреді, сендерден орыстар жақсы екен» «Өзбек пен қазақ арасында сұрапыл шайқас болды, керемет қазақ пен өзбек алға» «Ойбектен де, Жафаровтан да үлкен үміт күттім. Екеуі де қазақтан ұтылып алып, алтынды сыйға тартты. Ойбек есек шығар, бірақ Жафаровқа сенеміз». «Бұл дұрыс шешім болды, қазақ аккуратно ұрды, біздікі бардақ» "Өзбек пен қазақ әлемде бокстан ең мықты екенін дәлелдеді, алға бауырлар" «Рефери жеген палауыңды ақтауға барынша тырысты, тіпті жеңілген өзбектің қолын көтеріп жіберді, не деген масқара» Ұят болып қалды ғой, рефери жеңілген біздің өзбек боксшысының қолын көтергені несі.. .
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024