Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Екі жылдан кейінгі жеңіс

almaty-akshamy.kz

Екі жылдан кейінгі жеңіс

Ол Фукуока (Жапония) ITF W 75 турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 388-ракеткасы, үндістандық Рутуя Бхосалемен өткізді.

Зарина Дияс сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қарсыласын 7:5, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Зарина 2022 жылдың 18 қаңтарынан бері кортқа шықпаған еді. Сол күні З.Дияс Аустралия ашық чемпионатының бірінші айналымында Елена Рыбакинадан 7:6 (7:3), 6:7 (3:7), 1:6 есебімен ұтылған еді. Содан кейі жарақатына байланысты жарыс жолына шықпаған болатын.

Осылайша, 2 жыл 3 айдан кейін Зарина алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Зарина Дияс ширек финалға шығу үшін әлемнің 286-ракеткасы, оңтүстіккореялық Су Джон Чан немесе рейтингіде 358-сатыдағы аустралиялық Лизетт Кабрераның қай жеңгенімен таласады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 мамыр 2024